"Еңбегімді елеп, құрмет көрсетіп, қабылдап жатқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді азаматтық борышым деп білемін. Бұл әрекетімді марапат үшін емес, адами парызым ретінде жасадым. Менің орнымда кез келген адам дәл солай істер еді деп ойлаймын", – деді Асыл Ахметов.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның 4-қабатқа дейін өрмелеп шығып, пәтер балконында тұтанған өртті сөндірген бейнежазбасы тараған болатын.
Оқиға 4 маусымда Наурызбай ауданындағы "Алма Сити" тұрғын үй кешенінде болған. 4-қабаттағы пәтер балконында қоқыс өртеніп, өрт сөндірушілер келгенге дейін сол маңнан өтіп бара жатқан Асыл Ахметов өртті өшіріп үлгерген.