Алматыда банктен шыққан клиентке қарулы шабуыл жасалды

1154

Алматыда банктен шыққан клиентке қарулы шабуыл жасалды

Алматыда Тимирязев көшесінің бойындағы "Алатау Гранд" бизнес-орталығы маңында белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

 "БАҚ-та пайда болған Алматы қаласы Тимирязев көшесі 28 "В" мекенжайында орналасқан ВТБ банкінде (Қазақстан) клиентке жасалған шабуыл туралы ақпаратқа байланысты айтар болсақ, банктің барлық бөлімшелері қауіпсіздік шараларын күшейтіп,  штаттық режимде жұмыс істеуде. "Алатау Гранд" бизнес-орталығынан шыққан адамға шабуыл ВТБ (Қазақстан) банкі бөлімшесінен тыс жерде  болды", – деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. 

Банктің ақпараты бойынша қазіргі уақытта осы оқиға бойынша  жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қажет болған жағдайда банктің қауіпсіздік қызметі құқыққорғау органдарына жан-жақты көмек көрсетеді. "Болған оқиға бойынша толық ақпаратты құқық қорғау органдары жедел-тергеу іс-шараларын өткізгеннен кейін ұсынатын болады" , деп ескертті ВТБ  өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу