Барлық мектепке дейінгі ұйым өз жұмысын қайта бастады

988

24 қаңтардан мектеп оқушылары мен колледж студенттері де офлайн форматта оқиды. 

Барлық мектепке дейінгі ұйым өз жұмысын қайта бастады

Бұл туралы қалалық штаб отырысында Алматы әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп жазды inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта 71 мыңнан астам баланы қамтитын 860 мектепке дейінгі ұйым – 190 мемлекеттік және 670 жеке меншік ұйым 20 қаңтардан бастап штаттық режимде өз жұмысын қайта бастады. Балабақшаларға 47 255 бала барады. Оның ішінде мемлекеттік – 21 337, жеке – 25 918 бақша бар", – деді спикер.

Әкім орынбасарының айтуынша, білім басқармасы күн сайын балабақшаларда санитарлық талаптарды қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізуде.

24 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің биылғы 21 қаңтардағы қаулысына сәйкес контингенті 302 мыңнан астам оқушы бар 295 мектептің (207 мемлекеттік, 88 жеке) оқушылары аралас форматта оқуға кірісті:

- 600 оқушыға дейін контингенті бар 1-4 сыныптарда, 115 мектепте (32 мемлекеттік, 83 жеке) – штаттық режимде оқыту;

- Контингенті 600 оқушыдан асатын 180 мектепте (175 Мемлекеттік, 5 жеке меншік) – мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта.

Бұдан басқа, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 6 ұйымның 354 тәрбиеленушісі штаттық режимде оқитын болады.

Мектептерде санитарлық талаптардың сақталуы ерекше бақылауда, ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

24 қаңтардан бастап 83 колледждің 73 719 студенті (23 мемлекеттік, 60 жеке меншік) оқуды бастады. Олар үшін оқытудың аралас форматы қарастырылған. Практикалық сабақтар икемді кесте бойынша офлайн, ал өзге сабақтар онлайн режимде өткізіледі.

Осындай форматта 24 мыңнан астам оқушыны қамти отырып, 23 қосымша білім беру ұйымы өз жұмысын жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу