Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт өтеді

225

Концерт 30 сәуір күні сағат 19.00-де "Алматы Аренада" өтеді.  

Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт өтеді Фото: nomadmgz.kz

Алматыда музыкант Батырхан Шүкеновтің шығармашылық мұрасына арналған алғашқы ресми трибьют-концерт ұйымдастырылмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Batyr Amanaty жобасы Шүкеновтің шығармашылығын сақтау және насихаттауға бағытталған, оның қазақстандық мәдениетке қосқан үлесі баға жетпес болып қала береді.

Кеш бағдарламасы музыканттың "Аманат" және "Отан Анаға" албомдарына негізделген. Сүйікті композициялар камералық оркестр мен Бақытжан Байқадамов атындағы хор капелласының сүйемелдеуімен ерекше орындауда шырқалмақ.

Сахнада отандық танымал әншілер Мадина Сәдуақасова, Рүстем Нұржігіт және KешYOU тобы т.б. өнер көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу