12–13 қарашада Алматыдағы Narxoz университетінде "Білім берудегі шахмат" IV халықаралық конференциясы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жиын мектептерде шахматты дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу мәселелеріне арналады.
Конференция барысында шахматтың оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілетін дамытудағы рөлі, оны білім беру бағдарламасына енгізу және педагогтерді даярлау жолдары талқыланады.
Халықаралық шараға Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы, шетелдік сарапшылар, әдіскерлер мен педагогтер қатысады.
Екі күндік бағдарламада панельдік сессиялар, заманауи білім беру бағдарламаларының таныстырылымдары және шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Қатысушылар мектептерде шахмат оқыту тәжірибесімен бөлісіп, осы бағытты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырады.