Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды

Алматы полициясы ақпанның 7-сі күні жоғалып кеткен екі оқушыны тапқанын хабарлады.  

Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды Фото: kazlenta.kz

Оларды ата-анасына тапсыру үшін полиция бөлімшесіне жеткізді.

 "Қазіргі уақытта криминалдық полиция бөлімі бұрын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған екі жасөспірімді тапты. Олар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылады. Осы уақыт ішінде олардың қайда болғаны анықталуда. Бір нұсқа бойынша, олар компьютерлік клубтарда ойнын ойнап жүрген", - дейді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Қанапяев.

Еске сала кетсек, N63 мектептің 14 жастағы екі оқушысы 7 ақпанда мектептен шыққан соң жоғалып кеткен болатын.  Ата-аналар мен еріктілер жасөспірімдерді бір апта бойы іздеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу