Алматыда бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды

1167

Қайтыс болған марқұмның ішкі органдары еліміздің түрлі аймағындағы бірнеше реципиентке жаңа өмір сыйлады.  

Алматыда бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды Фото: University Medical Center баспасөз қызметі

Науқас геморрагиялық инсультпен Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Геморрагиялық инсульт – бұл артериялық гипертонияның асқынуы. Жоғары қысымды көтере алмаған қан тамыры жарылады.

Дәрігерлер екі күн бойы оның өмірі үшін күресті, бірақ аман алып қалу мүмкін болмады. Ер адам қайтыс болмай тұрып донорлыққа ресми түрде келісім берген, ал туыстары оның бастамасын қолдаған.

Марқұмның ағзалары ел бойынша жаңа органға мұқтаж науқастарға лезде таратылды: Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта жүрек трансплантацияланды. Ал екі бүйрегі балаларға ауыстырылды. Ота сәтті өтті.

Көздегі қасаң қабықтың трансплантациясы ерекше маңызға ие болды: Алматы ауруханасында офтальмолог Гүлзат Әбдірамова алғаш рет көз алмасын сәтті алды. Бұл қасаң қабықтың ауыр зақымдануы бар 2 науқастың көруін сақтауға мүмкіндік берді. Операциялар дер кезінде жасалды, екі науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу