Алматыда бір күнде 70-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

1157

Полиция департаменті шаһарда жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын сақтауға шақырды. 

Алматыда бір күнде 70-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

Себебі қаңтардың 12-нен 13-не қараған түні қалың қар жауып, ауа-райының күрт нашарлауына байланысты жол көлік оқиғасы жиілеген. 

"Түнгі сағат 3:00-ден бастап шаһарда 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды, оның 6-сында бірнеше адам зардап шеккен. Жауын-шашынның көп болуы қаладағы көлік қозғалысын едәуір қиындататыны анық. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей бұған жол қозғалысына қатысушылар мен кейбір жүргізушілердің жылдамдықты төмендетпейтіні себеп. Нәтижесінде жолда апаттық жағдайлар туындайды. Бұған қоса жаяу жүргіншілер жолды белгіленбеген жерден кесіп өтеді.  Бұл факторлар жалпы жол жағдайына кері әсер етеді ", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев.

Сонымен қатар ол жол ережелерін сақтау - сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі екенін еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу