Алматыда бір мезетте 11 500 оқушы күй орындап, рекордтар кітабына енді

215

Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында сахна жұлдыздары мен Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері болды. 

Алматыда бір мезетте 11 500 оқушы күй орындап, рекордтар кітабына енді Фото: Алматы әкімдігі

Almaty Arena-да 11,5 мыңнан астам жас домбырашының басын қосқан ауқымды флешмоб өтті. Қаланың түкпір-түкпірінен жиналған мектеп оқушылары бір мезетте күй мен заманауи композицияларды орындап, кеңістікті ұлттық аспаптың қуатты үнімен тербетті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, алғашқы әуеннен-ақ зал ерекше атмосфераға бөленді: мыңдаған домбыра үні бір арнаға тоғысып, дәстүр мен қазіргі мәнерді ұштастырған тұтас музыкалық кеңістікке айналды.

Флешмоб репертуарында қазақстандық танымал композиторлардың шығармалары, сондай-ақ күйші-виртуоз Асылбек Еңсеповтің кеңінен танымал туындылары орындалды. Оның шығармашылығы бүгінде ұрпақтар арасындағы алтын көпірге айналған.

Флешмобқа қатысушылардың бірі – №189 мектептің оқушысы Нұрсұлтан Құдайбергенов. Ол осындай ауқымды іс-шараға қатысқанына қуанышты екенін айтып, Қазақстан халқын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.

Музыка пәнінің мұғалімі Қарлығаш Қалмамбетова да бұл бастамаға шәкірттерімен бірге қатысып, бірнеше апта бойы дайындық жүргізгенін атап өтті.

Бұл жетістік тіркеліп, домбырамен ең көп адамның бір мезетте күй орындауы ретінде Қазақстан рекордтар кітабына енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу