Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты орын алды

Полиция жол қозғалысы қатысушыларына үндеу жасады.  

Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты орын алды Фото: Егемен Қазақстан

Ауа райының нашарлауына байланысты тәртіп сақшылар жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

"Бұл үндеу қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытып, жолда зейінін арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға септігін тигізеді", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Айта кететіні, Алматы қаласы ПД Жедел басқару орталығының ЖПҚБ кезекші бөлімінің мәліметі бойынша 16 қараша таңғы сағат 08:00-ден 17 қараша таңғы сағат 08:00-ге дейін шаһарда 136 ЖКО тіркелді, оның 26-сында зардап шеккендер бар. Адам шығыны жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу