Алматыда бір жылда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі жиналды

281

Қалдықтар 38 қалалық емханада орнатылған арнайы контейнерлерге жиналды.

Алматыда бір жылда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі жиналды Фото: fond60.ru

Алматыдағы 38 қалалық емханада жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір жыл ішінде тұрғындар осы пункттерге 1 200 келіге жуық дәрі қалдығын тапсырған.

Жиналған дәрі-дәрмектер қауіпсіз жолмен жоюға жіберілді. Жобаны ECO Network экологиялық қауымдастығы Eco Almaty қолдауымен жүзеге асырып жатыр.

Мамандар мерзімі өткен дәрілерді тұрмыстық қоқысқа тастауға немесе кәріз жүйесіне ағызуға болмайтынын ескертеді. Мұндай қалдықтар топырақ пен су айдындарын ластауы мүмкін.

Тұрғындарға жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді арнайы жинау пункттеріне тапсыру ұсынылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу