Алматыда бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектелді

141

Аумақ 2025 жылы 2 қараша сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жабылады.

Алматыда бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектелді Фото: canva

Алматыда құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты Жамақаев пен Алдар Көсе көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қалада әл-Фараби көшесі, 36/14 мекенжайда орналасқан АҚШ консулдығының аумағынан сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілерін тарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Жобаға "Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы" мекемесі тапсырыс берген. Мердігер – "ПК Азия канал Құрылыс" ЖШС.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруін өтінеміз және уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу