Себебі, шаһардағы жүктемесі жоғары бірқатар қиылыста қозғалыс сызбасын түзету бойынша пилоттық жоба қолға алынған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматының жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы өзгерістер енгізілетін қиылыстар тізімін жасады.
Олар:
- Назарбаев даңғылы – Гоголь көшесі;
- Абылай хан даңғылы – Гоголь көшесі;
- Достық даңғылы – Абай даңғылы;
- Сейфуллин даңғылы – Мақатаев көшесі;
- Абай даңғылы – Алтынсарин даңғылы.
6 ақпанда пилоттық режимде Назарбаев даңғылы мен Гоголь көшесінің, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылыстарында жаңартылған қозғалыс сызбасы енгізілді.
Өзге де учаскелерде осындай өзгерістерді 15 ақпанға дейін іске асыру жоспарланған.
– Бағдаршам нысандарының жұмысын түзету Алматының жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы мен Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп жүргізді. Пилоттық жоба аясында жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған қосымша бағдаршам фазасы енгізілді, – деп жазылған хабарламада.
Өзгерістер қозғалысты оңтайландыру және апаттық тәуекелдің қаупін азайту мақсатында ең көп жүктемесі бар қиылыстарда ғана енгізілмек.
Ведомство жүргізушілер мен жүргіншілерге бағдаршам сигналдарын мұқият қадағалап, Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертіп отыр.