Алматыда бірнеше көшеге жаңа атаулар берілді

573

Өзгерістер күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Алматыда бірнеше көшеге жаңа атаулар берілді

Алматыда бірнеше көшеге жаңа атау берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Алатау ауданы Нұркент шағын ауданында:

№1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерес есімі беріледі. Бостандық ауданына қарасты Ерменсай ықшамауданында:

№2 жобалық атауы бар көше – Жақсылық Үшкемпіров көшесіне;
№4 жобалық атауы бар көше – Қаршыға Ахмедьяров көшесіне;
№5 жобалық атауы бар көше – Шолпан Жандарбекова көшесіне өзгертіледі.

Бостандық ауданы, Нұр Алатау шағын ауданында:

№12 жобалық атауы бар көшеге – Ғазиз Жұбановтың есімі берілсін;
№13 жобалық атауымен көшесі – Кәкімбек Салықов атауына өзгертіледі.
 
Бостандық ауданы, Нұрлытау шағын ауданында:

№6 жобалық атауы бар көшеге – Роза Жаманованың есімі беріледі.
 
Медеу ауданында:

№2 жобалық атауымен көше – Тимофей Седельников көшесіне;
№7 жобалық атауымен көше – Мәшұыр Жүсіп көшесіне ауыстырылалы. 

Медеу ауданы Алатау шағын ауданында:

№14 жобалық атауы бар көшеге Лев Гумилев есімі беріледі.

Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу