Алматыда бірнеше қылмысқа қатысы бар 2 күдікті ұсталды

102

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Алматыда бірнеше қылмысқа қатысы бар 2 күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Алматыда полиция автокөліктерден мүлік ұрлау бойынша бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1973 және 1981 жылы туған екі ер азаматты ұстады. Екеуі де Алматы облысының тұрғындары, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер автокөліктердің пульттерінен берілетін сигналдарды сканерлеу арқылы көлік салонына кіріп, мүлікті ұрлаған.

Қазіргі уақытта полицейлер Алматы қаласында жасалған осыған ұқсас 5 қылмыстық эпизодты анықтады.

– Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Тінту барысында ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі таңда басқа эпизодтар мен ықтимал сыбайластарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз бұл қылмыстық әрекетті толық ашуға және барлық қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуға ниеттіміз", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.

Қосымша тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу