Алматыда бірнеше маршруттың қозғалыс схемасы өзгереді

546

Бүгіннен бастап жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін № 217 маршруттың автобустары қаладан Әли кентіне қарай Есқар Беделбаев көшесіндегі № 22 мектепке дейін жетіп, "Әли ауылы" соңғы аялдамасына дейін жүреді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.  

 Алматыда бірнеше маршруттың қозғалыс схемасы өзгереді Фото: gov.kz

 

 

Ал № 110 маршрутта соңғы станциядан өту жолы өзгертілді. Енді "Автостанция" соңғы пунктінен оңтүстік бағытқа шыққан кезде автобустар Қарғалы көшесімен Трудовая көшесіне дейін екі бағытта қозғалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу