Алматыда бірнеше миллион теңге айыппұлы бар көліктер анықталып, айыптұраққа қойылды

138

Алматы қаласында жол қозғалысы ережесін жиі бұзып, әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүрген көлік иелеріне қатысты полицияның рейдтік шаралары жалғасуда.  

Алматыда бірнеше миллион теңге айыппұлы бар көліктер анықталып, айыптұраққа қойылды Фото: rus.baq.kz

Соңғы тәулікте жергілікті полиция қызметі осындай 6 көлікті анықтап, ұстап үлгерді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, айыппұл қарызы бойынша антирекорд орнатқан көлік – 5,5 миллион теңгеден астам берешегі бар Toyota маркалы автокөлік. Сонымен қатар, Toyota Alphard көлігіне де 1 миллион 86 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

– Жолдардағы тәртіп – жазаның бұлтартпас болуына тікелей байланысты. Айыппұлдарды елемеу немесе жүйелі түрде төлемеудің соңы – көліктің айыптұраққа қойылуымен аяқталатынын әр азамат түсінуі қажет. Біз алдын алу шараларын формалды түрде емес, нақты заң талаптарына сай жүргізіп келеміз, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Барлық автокөлік мамандандырылған айыптұраққа жеткізілді. Иелеріне берешекті белгіленген мерзімде толық өтеу қажеттігі туралы ресми ескерту жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу