Алматыда борышкерлерге ыстық су беру тоқтатылады

206

Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" серіктестігінің мамандары хабарлады.  

 Алматыда борышкерлерге ыстық су беру тоқтатылады Фото: somato66.ru

Бұл шаралар ескертуге қарамастан ұзақ уақыт бойы төлем жасамағандарға қолданылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалада жылу мен ыстық суға төлем жасамаған тұтынушыларға қатысты шаралар күшейтілді. Күн сайын ондаған абонентке ыстық су беру тоқтатылады.

"Ыстық су беруді шектеу – мәжбүрлі шара. Төлемнің болмауы жылыту маусымына дайындыққа және жүйенің тұрақты жұмысына кері әсерін тигізеді.

Тұрғындардан төлемді уақытында жүргізу сұралады – бұл жүйенің тұрақты жұмыс істеуі мен жылыту маусымына дайындық үшін маңызды", – деп хабарланған ресми ақпаратта.

Қарыз сот арқылы өндірілген жағдайда мүлікке, шотқа тыйым салу және басқа да шектеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу