Алматыда бос тұрған төрт қабатты ғимарат өртенді

118

Өртті сөндіру үшін су үздіксіз жеткізіліп жатыр.

Алматыда бос тұрған төрт қабатты ғимарат өртенді Фото: видеодан алынған кадр

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілері қазір жалынды сөндіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

”Қазір Алматы өрт сөндірушілері Медеу ауданы, Самал шағын ауданындағы төрт қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндіріп жатыр. Өрт сөндірушілер келген кезде бос тұрған ғимараттың шатырынан түтін шыққаны анықталды”, – делінген хабарламада. 

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.

“ Өртті сөндіру үшін бірнеше су беру желісі тартылды. Өртті оқшаулау шаралары қабылданып жатыр”, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу