Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
"Қаскүнемдер SIP-нөмірлерін сатып алып пайдаланған, олар арқылы ақша ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңырау жасаған.
Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды", – делінген прокуратура хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу