Алматыда ДАИШ тапсырмасымен лаңкестік әрекетке дайындалған топ өкілдері ұсталды

1516

Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Алматыда ДАИШ тапсырмасымен лаңкестік әрекетке дайындалған топ өкілдері ұсталды

2019 жылдың 10 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында арнайы операция өткізді, нәтижесінде террористік әрекет жасауға дайындалды деген күдікпен шетел азаматтарынан құралған топтың мүшелері ұсталды. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.

Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.

"Тергеу болжамына сай, ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларының тапсырмасы мен олардың басшылылық етуімен әрекет еткен. Жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматы қаласында халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға ниет еткен", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу