Алматыда 4 фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметі тоқтатылды

311

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматыда 4 фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметі тоқтатылды Фото: polisia.kz

ҚР ІІМ мен ҰҚК бірлесіп Алматыда көрші елдерден заңсыз дәрі-дәрмек тасымалдаған 4 фармацевтика компаниясын анықтап, оларға көмектескен лауазымды тұлғаларды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық топ контрабандалық дәрілерді елдегі дәріханалар желісі арқылы сатып келген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу барысында күдіктілердің дәрілік заттарды, соның ішінде құрамында психотроптық заттары бар препараттарды қолдан жасап, заңсыз өндірілгенін анықтады.

Тінту барысында бірнеше қойма мен жасырын өндірістік цех табылды. Контрафактілік өнімдер антисанитариялық жағдайда дайындалғандықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Жедел іс-шаралар аясында аталған заңсыз қызметті ұйымдастырушыларға ақшалай сыйақы үшін қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша сараланды.

"Тауар айналымы мен қаржылық ағындарға жүргізілген талдау көлеңкелі схемалардың, контрабандалық және контрафактілік қызметтің болғанын растады", – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлға, сондай-ақ дәрілік заттарды жеткізу арналарының, оның ішінде шетелден жеткізу жолдарының барлығын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу