Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің есімі берілді

401

Қаладағы 150-ден астам атауы жоқ көшеге белгілі тұлғалар мен тарихи-географиялық атаулар берілді.  

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің есімі берілді Фото: olympic.kz

Алматыда атауы жоқ 150-ден астам көшеге жаңа атау берілді. Олардың бірі 2018 жылы қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімімен аталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тиісті қаулыға Алматы қаласының әкімдігі қол қойды. Құжатқа сәйкес, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарындағы ондаған көшеге жаңа атаулар берілген.

Жаңа атаулар қатарында Денис Тен, Амантай Байтанаев, Хо Ши Мин, Наталья Сац, Қайым Мұхамедханов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Рәбиға Сыздық, Смайыл Өтегенов, Мауытхан Сыдықов, Бекеш Мадалиев, Анатолий Храпатый және басқа да белгілі тұлғалардың есімдері бар.

Денис Тен атындағы көше Бостандық ауданындағы "Архат" шағынауданында орналасқан.

Сонымен қатар қалада Шаңқобыз, Ақсарай, Жаңаөзен, Ақтау, Үшарал, Бозжыра, Ерейментау және басқа да атаулар берілген жаңа көшелер пайда болды.

Көшелердің жаңа атаулары мен олардың орналасқан жерлерінің толық тізімі құжат мәтінінде көрсетілген. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу