Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне сахна құруға 220 маман тартылды

250

10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопес концерт береді.

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне сахна құруға 220 маман тартылды Фото: Алматы әкімдігі

Халықаралық стандартқа сай көпдеңгейлі сахна құруға үш күн ішінде 220-дан астам монтажшы, инженер және үйлестіруші тәулік бойы жұмыс істеуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сахнамен қатар қауіпсіздік пен логистика да пысықталуда: стадион фан-аймақ, лаунж, фуд-корт, VIP және медиа аймақтарға бөлінеді.

Медициналық бригадалар, төтенше жағдай қызметі және өрт сөндірушілер кезекшілік атқарады. Кіруде металл детекторлар мен қол сканерлері бар 26 өткізу пункті орнатылады.

Концерт билеттері толық сатылып кеткен. Оларды 35-тен астам елден, соның ішінде АҚШ, Жапония, БАӘ және Канададан келген көрермендер мен мыңдаған қазақстандықтар сатып алған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара Алматының мәдени астана ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу