Жыл басынан бері Алматыда безгектің шетелден әкелінген төрт жағдайы тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Науқастардың бірі Габонға іссапармен барып келген болса, екіншісі Вьетнамда демалып қайтқан турист. Дәрігерлер олардан аурудың екі түрлі түрін анықтаған: тропикалық және үш күндік безгек.
Мамандардың айтуынша, тропикалық безгек ең қауіпті түрі саналады. Уақытында емделмесе, миға, бауырға, бүйрекке және тыныс алу жүйесіне зақым келтіріп, ауыр асқынуларға ұшыратуы мүмкін.
Ал үш күндік безгек жеңілірек өтеді. Алайда оның қоздырғышы ағзада ұзақ уақыт сақталып, бірнеше айдан кейін қайта қозуы ықтимал.
Қазіргі уақытта екі науқас та стационарда ем қабылдап жатыр. Диагноздар зертханалық түрде расталған.
Сондай-ақ мамандар қажетті эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Алматы тұрғындары үшін инфекцияның таралу қаупі жоқ екенін мәлімдеді.