Алматыда екі көлік соқтығысып, 5 адам жарақат алды

215

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Алматыда екі көлік соқтығысып, 5 адам жарақат алды Фото: canva

Алматыда түнгі уақытта болған жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға шамамен сағат 04:20 кезінде Әуезов ауданында болған.

BMW көлігінің жүргізушісі Сайын көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, жолақ ауыстыру кезінде қатар келе жатқан Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін BMW көлігі инерциямен жол жиегіндегі ағашқа соғылған.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен BMW көлігіндегі үш жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Тергеу жұмыстарын Әуезов аудандық полиция басқармасы жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу