Ертең, 25 сәуір күні Алматыдағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің аумағында "Жасыл бастау" атты экологиялық акция өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Акция барысында тұрғындар пластик, қағаз, шыны, алюминий және ескі электронды құрылғыларды тапсыра алады. Сонымен қатар сынапты шамдар мен арнайы жоюды қажет ететін басқа да қауіпті қалдықтар қабылданады.
Шараны ұйымдастырушы – Eco Almaty ЖШС. Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар полигондарға түсетін қоқыс көлемін азайтып, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
"Қала тұрғындары мен қонақтарын экологиялық акцияға қатысуға шақырамыз", – деді ұйымдастырушылар.
Акция сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.