Алматыда экологиялық талаптарды бұзған зауытқа айыппұл салынды

133

Алматы қаласының экология департаменті 2025 жылдың 6 айының қорытындысын жариялады. 

Алматыда экологиялық талаптарды бұзған зауытқа айыппұл салынды Фото: pixabay.com

Экология департаменті басшысының орынбасары Дінмұхамед Лесбековтың айтуынша, жарты жыл ішінде мемлекеттік инспекторлар 49 тексеру жүргізген және оның 16-сы жоспардан тыс тексеру болған.

Оның негізінде 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 23 айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оның ішінде берілген нұсқамаларды орындамаған 4 кәсіпорынға қатысты ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданып, кәсіпорындарға жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден асатын айыппұл салынды", – деді Дінмұхамед Лесбеков.

Сондай-ақ департамент өкілі ӘҚБтК-нің 328-бабының 4-бөлігі бойынша қаладағы бетон зауытқа қатысты соттың қаулысымен 2 млн теңге айыппұл салынып, заңбұзушылықтар толық жойылғанға дейін қызметі уақытша тоқтатылғанын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу