Алматыда электр энергиясы түбіртектерінде тұрғын үйдің қарызы көрсетіледі

398

Тамыз айынан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары электр энергиясына арналған түбіртектерден МИБ, ПИК немесе басқарушы компанияның "Энергосбыт" алдындағы берешегі туралы ақпаратты көре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Алматыда электр энергиясы түбіртектерінде тұрғын үйдің қарызы көрсетіледі Фото: ЖИ

Бұл өзгеріс "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның "Энергосбыт" филиалымен электрмен жабдықтау туралы келісімшарт жасасқан тұтынушыларға қатысты енгізіліп отыр.

Компанияның түсіндіруінше, жаңа ақпарат тұрғындарға өз үйлерінің коммуналдық төлемдер бойынша жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ басқарушы ұйымдардың электр энергиясы үшін төлем міндеттемелерін қалай орындап жатқанын қадағалауға жол ашады.

Мамандардың айтуынша, егер қарыз уақытында өтелмесе, берешегі бар тұрғын үйлерге электр қуатын уақытша немесе толықтай шектеу қаупі бар.

Осыған байланысты тұрғындарға түбіртектердегі жаңа мәліметтерге назар аудару ұсынылды. Қарыз анықталған жағдайда, оның себебін нақтылап, мәселені шешу үшін МИБ, ПИК немесе басқарушы компанияға жүгінген жөн.

"Алатау Жарық Компаниясы" бұл бастама тұрғын үйдің қаржылық жағдайын ашық көрсетуге бағытталғанын атап өтті. Компанияның мәліметінше, мұндай ақпарат тұрғындарға электрмен жабдықтауда қиындық туындамауы үшін алдын ала шара қабылдауға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу