Алматыда электр энергиясын беру толық қалпына келтірілді

902

Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 

Алматыда электр энергиясын беру толық қалпына келтірілді

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр қуатын беру толық қалпына келтірілді. Бұл туралы KEGOC баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Ұлттық электр желісінің қалыпты схемасы толығымен қалпына келтірілді. Қырғызстанның энергетикалық жүйесімен жұмыстар реттелді. 14:53-те Алматы қаласы мен Алматы облысында барлық шектеулер алынып тасталды. Бүгін сағат 16:00-де Шымкент қаласындағы 500 кВ "Жамбыл" қосалқы стансасына қысым берілді. Жамбыл ГРЭС және Шымкент ЖЭО-3 генерацияның кейінгі ұлғаюымен синхрондалды. Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында тұтынушыларға қойылған шектеулер алынып тасталды", – деп хабарлады "KEGOC" АҚ.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарын энергиямен қамтуды толық қалпына келтіру шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу