Апаттық жағдайға "KEGOC" АҚ-ға тиесілі әуе электр желілеріндегі ақау себеп болған. Электр қуатының уақытша тоқтауы қаладағы көлік қозғалысына да кері әсер етті.
Көптеген көшелерде бағдаршамдар істемей, жолдарда кептеліс көбейді. Сонымен қатар жарықтың өшуі Алматының сумен жабдықтау жүйесінің жұмысына әсер етті.
Электр қуаты болмаған аудандарда ыстық су беру тоқтап, суық судың қысымы төмендеген немесе кей жерлерде су мүлдем болмаған.
Бұл әсіресе көпқабатты тұрғын үйлерде айқын байқалды.
Қазіргі таңда "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары электр энергиясын қайта қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.