Алматыда электронды қалдықтарға арналған контейнерлер орнатылды

1151

Электронды қалдықтардың бей-берекет тасталуы қоршаған орта мен адам баласы үшін аса зиян.

Алматыда электронды қалдықтарға арналған контейнерлер орнатылды

Ал мұндай қалдықтарды қайта өңдеу ел экономикасы үшін тиімді. Осы орайда Алматыда электронды қалдықтарды тастауға арналған 32 контейнер орнатылды, деп хабарлайды Egemen Qazaqstan.

Шаһарда электронды қалдықтарға арналған экобокстар ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бері қойыла бастаған. Экобокстарға жарамсыз ұялы телефондармен зарядтау құрылғыларынан бөлек, ескі магнитафон, теледидар, электрлік ойыншықтар мен істен шыққан үтік, планшет тәрізді заттарды тастауға болады.

"Контейнерлер толған соң оның ішіндегі қоқыстың салмағы өлшеніп, ары қарай өңдеу базасына жөнелтіледі. Алдымен электронды қалдықтың пластмассасы мен металы қолмен ажыратылады. Артынан бұл заттар  бөлек жиналып майдаланады. Әрі қарай қалдықтар қайта өңдеуге кетеді. Кейбіреулер мұндай қалдықтар бәрібір қоқыс полигонына кетеді, өңдеудің не қажеті бар деп жатады. Алайда, сол зиянды заттардың бәрі жерге сіңіп кететінін ескеруіміз керек. Топырақ арқылы суға да таралады. Титтей батареяның бір данасын қате пайдаланған  жағдайда, 20 текше метр топырақ немесе 400 литр ауыз су уланады" дейді эколог мамандар.

Бүгінгі таңда мегаполисте электронды қалдықтарға арналған отыздан астам контейнер бар. Оның 29-ы қала мектептеріне қойылған. Жауапты мамандардың сөзінше, қыс айларына дейін  тағы 50 мектепке осындай экобокстар орнатылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу