Алматыда еңбегі сіңген спорт қайраткерлері марапатталды

20 тамызда Спорт күнін мерекелеу құрметіне еңбек сіңірген спортшыларды, атақты қайраткерлер мен спорт ардагерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Алматыда еңбегі сіңген спорт қайраткерлері марапатталды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Марапаттау рәсімі республикалық және халықаралық жарыстарда қаланың спорттық беделін көтеруге ықпал еткен көптеген спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт ұйымдарының бірінші тұлғаларын, сондай-ақ спорт ардагерлерін жинады.

Іс-шара аясында Алғыс хаттар мен медальдар табысталды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров қатысушылар мен жеңімпаздарға шын жүректен алғыс білдіріп, олардың спортқа деген адалдығын және салауатты өмір салтын насихаттаудағы ерекше рөлін атап өтті.

Кәсіби спорттағы сіңірген еңбегі және салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін мыналар марапатталды: Чэндуде спорттық гимнастикадан өткен жазғы Универсиаданың чемпиондары Милад Карими және Нариман Құрбанов, бокстан әлем чемпиондары Назым Қызайбай және Алуа Балқыбекова, еркін күрестен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Айтмұхан Ризабек, "Сен басқасың" жобасының негізін қалаушы Валихан Тен,  "Бірінші болу батылдық" корпоративті қорының атқарушы директорры Салтанат Қазыбаева, "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов, еркін күрестен бірнеше дүркін Олимпиада чемпионы Ислам Байрамуков, жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әмин Тұяқов,, сондай-ақ спорт федерацияларының, олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектептерінің басшылары және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары.

"Алматы Қазақстанның барлық өңірлері арасында жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша еңбегі сіңген көшбасшы болып табылады. Ұлттық құраманың мыңға жуық спортшысы-қаламыздың түлектері. Біз талантты спортшылардың тұтас бір тобын өсірген қаламыздың бай спорттық тарихымен мақтанамыз және әлемдік аренада еліміздің намысын қорғаған ұлы чемпиондарды еске аламыз", - деп құттықтады марапаттау рәсіміне қатысушыларды Әлішер Әбдіқадыров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу