Алматыда ер адам аулада ойнап жүрген балаға күш көрсеткен

478

Аталған іске байланысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Алматыда ер адам аулада ойнап жүрген балаға күш көрсеткен Фото: Бейнежазбадан

Алматыда полицейлер тұрғын үй кешенінің аумағында балаға күш көрсеткен ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан ер адамның балаларға жақындап келіп, олардың бірін итергені көрінеді. Салдарынан бала дене жарақатын алған.

– Күдікті осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны. Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға балалардың ойын кезіндегі жанжалы себеп болған. Осыдан кейін ер адам мәселені өз бетінше шешуге тырысқан, – деп хабарлады Полиция департаментінен.

Полиция балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу