Алматыда Есентай өзені мұнай өнімдерімен ластанған

566

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы бойынша экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков мәлімдеді.  

Алматыда Есентай өзені мұнай өнімдерімен ластанған Фото: "Алматы ақшамы" газеті

Экологтар Есентай өзеніне тексеру жүргізіп, мұнай өнімдерінің шекті мөлшерден асқанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мамандар Есентай, Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Басқарасу өзендерінің, сондай-ақ Сайран көлінің жағдайын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде мұнай өнімдерінің мөлшері тек Есентай өзенінде ғана шекті деңгейден асқаны анықталды, – деді Дінмұхамед Лесбеков.

Жалпы жыл басынан бері Алматыда 125 экологиялық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 58 заңбұзушылық анықталып, оларды жою бойынша 28 нұсқама берілген және 165 әкімшілік хаттама толтырылған.

– Материалдарды қарау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 34 миллион теңгеге жуық 162 әкімшілік айыппұл салынды. Оның 19,5 миллион теңгеден астамы өндірілді, – деп мәлімдеді департамент басшысы.

Бұдан бөлек, жекелеген заң бұзушылықтар бойынша сот айыппұл тағайындап, бір жағдайда кәсіпорынның қызметі 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу