Алматыда есірткі саудалаған азамат ұсталды

695

Оған мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылуы мүмкін.  

Алматыда есірткі саудалаған азамат ұсталды

Жедел мәліметтер бойынша 30 жастағы Қостанай облысының тумасы бірнеше ай бойы психотроптық және есірткі заттарды тарату бойынша есірткі курьері болып жұмыс істеген, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-сілтеме жасап. 

"Осы уақыт аралығында ол курьер, көтерме сатушысы болып жұмыс істеген. Ер адам кезекті есірткі тасымалдау кезінде ұсталды. Патрульдік қызметкерлер тұтқындау кезінде ұсталушыдан 22 орам көлемінде психотроптық заттарды тапты және тәркіледі. Күдікті, сонымен қатар,  осыған ұқсас 13 орама табылған және тәркіленген орынды көрсетті. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат "мефедрон" психотроптық заты болып табылады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлімінің 3-тармағына сәйкес тіркелді. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу