Алматыда есірткі тасымалдаған шетелдік ұсталды

352

Қазіргі уақытта тексеру және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.

Алматыда есірткі тасымалдаған шетелдік ұсталды Фото: Polisia.kz

Алматы қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше тұлғаны ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеке тінту барысында ұсталғандардың бірінен – шетел азаматынан ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше орам табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар тыйым салынған есірткі құралдары санатына жатады. Сонымен қатар күдіктінің "жасырын қойма" тәсілі арқылы жүзеге асырылатын ықтимал курьерлік қызметке қатыстылығы тексерілуде.

Медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің психоактивті заттарды тұтынғаны анықталды. Аталған дерек бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртібімен тіркеліп, істің барлық мән-жайы анықталуда.

– Біз есірткі таратудың жолдарын жүйелі түрде анықтап, курьерлік желілерге тартылған тұлғаларды әшкерелеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Мұндай жедел іс-шаралар үздіксіз өткізіледі және әрбір анықталған дерекке құқықтық баға беріледі. Алматы полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді, – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу