Алматыда есірткі тасымалдаған жас жігіт ұсталды

118

20 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Алматыда есірткі тасымалдаған жас жігіт ұсталды Фото: polisia.kz

Алатау ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет-дүкеннің бір тармағының қызметі тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Онда 20 жастағы жасырын жеткізуші жұмыс істеген. Жеке тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың “экстази” таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Жалпы салмағы 2,5 келіні құрады, бұл тұтынушыға жетпеген 6 мың бір реттік дозаға тең. Төлем криптовалюта арқылы алынған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Есірткі таратуда қылмыстық схемалар мен жасырын цифрлық технологияларды қолдану жауапкершіліктен құтқармайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу