Алматыда есірткіге масаң күйде көлік басқарған 36 жастағы жүргізуші ұсталды

178

Ер адам "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық шарасы аясында анықталды.  

Алматыда есірткіге масаң күйде көлік басқарған 36 жастағы жүргізуші ұсталды Фото: polisia.kz

Тексеріс кезінде жүргізушінің сақтандыру полисі жоқ болып шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар оның мінез-құлқы инспекторлар да күмән тудырды, сондықтан ол медициналық сараптамаға жіберілді.

Медициналық қорытындыға сәйкес, ер адамның есірткілік мас күйінде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс-құжаттар толтырылып, сотқа жолданды.

Автокөлік арнайы айыптұрағына қойылып, жүргізуші көлік басқару құқығынан шеттетілді.

– Біздің қызметкерлер күн сайын көлікті мас күйінде басқару деректерін анықтайды және әр жағдайда да қатаң шара қолданады. "Қауіпті жүргізуші" секілді профилактикалық іс-шаралар – қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Барлық жүргізушілерді жауапкершілік танытуға шақырамыз. Өйткені рөлге мас күйінде отырған адам тек өз өмірін ғана емес, өзгелердің де өмірін қатерге тігеді, – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу