Алматыда Еуропа мен Ресейден келгендерге бақылау күшейтілді

845

Індетті ең көп жұқтырғандар – 20-39 жастағы азаматтар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алматыда Еуропа мен Ресейден келгендерге бақылау күшейтілді

Оның айтуынша Ресей Федерациясында аурудың бір өсуі тіркелген. Сонымен қатар Еуропа және Балтық елдерінде індет бойынша антирекорд орнатылды.

“Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиолог мамандары мен медицина қызметкерлері осы елдерден Алматы халықаралық әуежайына келгендерді бақылауды күшейтті. Шетелден келген барлық жолаушылар жоғары температураны тіркейтін арнайы құралмен сканерленеді. Бұл қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты. Ресей Федерациясындағы жағдай күрт күрделене түсті, біз Еуропадан келгендерді бақылауды күшейттік, қазір аурудың өсуі байқалады. Румынияда, Ұлыбританияда және Балтық елдерінде антирекордтар тіркелді. Халық қазіргі уақытта айналымдағы "дельта" нұсқасына толық мән беруі керек”, – деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитар дәрігердің айтуынша індетті ең көп жұқтырғандар – 20-39 жастағы азаматтар, олар аптасына жұқтырғандардың 28%-ын құрайды.  

“24%-ы – 40-59 жастағы тұрғындар, 25%-ы – 60 жастан асқан адамдар. Соңғы аптада балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдықтың 2,6%-ға өскені байқалады”, – деді Алматының бас санитар дәрігері.

Сондықтан ол вакцина алуды кейінге қалдырмауға, адамдар көп жиналатын орындарға, түнгі клубтарға, мейрамханаларға баруды, үй іс-шараларын өткізуді шектеуге шақырды.

Жандар Бекшин қазіргі коронвирустың “дельта” нұсқасы жағдайында иммундық қабатты 80%-ға жеткізу керек деп санайды. Алайда вакцинацияның күнделікті өсуі 1%-ды ғана құрайды.

“Қазір иммундық қабат 54%. Егер осындай қарқынды сақтап қалатын болсақ, онда вакцинация мерзімі жыл соңына дейін созылып, 70%-ға жетуі мүмкін”, –  деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитарлық дәрігер қазіргі коронавирустың “дельта” нұсқасының өте қауіпті екенін, Алматыда індет жұқтырғандардың 95%-ында осы нұсқа тіркелгенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу