Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

253

Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел ақпаратты тексеру барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды Фото: polisia.kz

Есірткі заттарын сақтау немесе тарату фактілері өрескел қылмысқа жатады.

– Біздің міндетіміз – мұндай құқық бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтап, күдіктілерді оқшаулау арқылы қала тұрғындарына келуі мүмкін қауіптің алдын алу. Полиция Алматы көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, – деді Алматы қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дархан Әбіқұлов.

Тексеру барысында күдіктіден өсімдік тектес есірткі – гашиш тәркіленді. Аталған затқа тиісті сараптама тағайындалды. Ер адам тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды есірткіге қатысты кез келген күмәнді әрекеттер туралы дереу хабар беруге шақырады және мұндай заттарды сақтау мен тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу