Алматыда хирург-дәрігерлер қауымдастығы құрылды

969

Алматыда хирург-дәрігерлер қауымдастығы құрылды

Алматыда қазақстандық хирург-дәрігерлер қауымдастығы құрылып, алғашқы құрылтайын өткізді, деп хабарлайды 24.kz.

Құрылтайға еліміздің барлық аймағынан 340 делегат қатысты. Олардың дені облыстық, аудандық ауруханалардан келген жас хирургтер.

Екі күн бойы отандық және шетелдік мамандар өзара тәжірибе алмасып, біліктілікті арттыру дәрістерін өткізеді. Мақсат – хирургияда ортақ стандартты жүйе жасап, шұғыл операция жасау ісін халықаралық талапқа сай ету.

Шалғайдағы дәрігерлер негізінен өздерінің білімі мен күнделікті тәжірибесіне сүйенеді. Қазір хирургтер қауымдастығы еліміздің бірқатар өңірінде филиалдарын ашып үлгерді.

"Соңғы кездері инновация мен жаңа технологияға көп көңіл бөлініп жатыр. Ал күнделікті жұмыс қалып қойды. Қоғамды құрудағы себеп – Қазақстанда хирургтердің басын біріктіру, бір жүйе жасау. Ауруды емдеуде, бір тактика қолданып, асқыну, өлім-жітімнің пайызын азайту қажет. Хирургиялық көмек сапасын жоғары деңгейге көтеру керек", - дейді хирург-дәрігер Болатбек Баймаханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу