Алматыда инвестордың 2,6 млрд теңгелік жобасына кедергі болған мәселе шешілді

392

Зауыты іске қосылғанда 40 тұрақты жұмыс орны ашылады.  

Алматыда инвестордың 2,6 млрд теңгелік жобасына кедергі болған мәселе шешілді Фото: ortcom.kz

Алматыда Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің араласуымен құны 2,6 млрд теңге болатын "Black Biotechnology" ЖШС-ның инвестициялық жобасын жүзеге асыруға кедергі болған әкімшілік мәселе шешілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компания органикалық мал азығына арналған қоспалар өндіретін зауыт салып жатыр. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 40 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жыл басынан бері инвестор өндірілетін өнімді отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу туралы уәкілетті мемлекеттік органға бірнеше рет өтініш берген. Алайда өтініштерге бірнеше рет бас тарту берілген. Бұл компанияның өнімін өткізуіне және сату нарығын кеңейтуіне кедергі келтірген.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті араласқаннан кейін мәселе жедел шешімін тапты. Кәсіпорын тиісті тізілімге енгізіліп, әкімшілік кедергі жойылды. Осылайша инвестициялық жобаны әрі қарай жүзеге асыруға мүмкіндік жасалды.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде инвестордың құқықтары қорғалды.

Заңсыз бас тартуға, әкімшілік кедергілерге немесе инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға заңсыз араласуға тап болған инвесторлар 115 Call-орталығына хабарласа алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу