Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмысы аясында Алматы қаласының прокуратурасы "HC" жеке серіктестігінің инвесторына көмек көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жобаның құны – 1,824 млрд теңге. Жоспар бойынша 150 жұмыс орнын құру көзделген.
Инвестор инвестициялық жоба шеңберінде берілген жер учаскесіне ұзақ уақыт бойы жеке меншік құқығын рәсімдей алмаған.
Қадағалау органының араласуынан кейін ғана инвестор өз құқығын рәсімдеді.
Қабылданған шаралар, әкімшілік кедергілерді жоюға және инвестордың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу