Алматыда ірі қойма өртенді

327

Өрт түні бойы сөндірілді.  

Алматыда ірі қойма өртенді Фото: gov.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі күштерімен Алматы қаласындағы Солтүстік айналма тасжолында орналасқан қоймадағы өрт 1900 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде қойма ғимаратында ашық жалынмен өрт болып жатқаны анықталған.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өртті сөндіруге 85 адам жеке құрам мен 22 бірлік техника жұмылдырылды. 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге ТЖМ автопоезы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру ғимарат құрылысының ерекшелігіне және жоғары өрт жүктемесімен күрделенеді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында жанындағы ғимаратқа өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу