Алматыда іскерлік туризмді дамытуға бағытталған жаңа көрме орталығы салынады

278

Жоба іске қосылғанда қалаға 50 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде.  

Алматыда іскерлік туризмді дамытуға бағытталған жаңа көрме орталығы салынады Фото: fft.ru

Алматыда іскерлік туризм инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Соның аясында халықаралық көрме, форум және конгрестер өткізуге мүмкіндік беретін заманауи көрме орталығының құрылысы жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалада қазіргі таңда заманауи көрме алаңдарының тапшылығы байқалып отыр. Бұл халықаралық деңгейдегі ірі іс-шараларды тартуға кері әсерін тигізеді. Жаңа орталық бұл олқылықтың орнын толтырып, Алматының MICE-туризмдегі әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба іске қосылған алғашқы жылы қалаға шамамен 50 мың қосымша турист тарту күтілсе, үш жылдан кейін бұл көрсеткіш 120 мыңға, ал бес жылдан соң 200 мыңға дейін жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу