Жеке құрамның үйлесімді әрекеттерінің және қала тұрғындары мен қонақтарының түсіністігінің арқасында матч тыныш жағдайда өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Алматы қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясындағы халықаралық футбол матчы өтті.
Ойынға алматылық "Қайрат" және шотландиялық "Селтик" командалары қатысты.
– Жанкүйерлер тәртіп сақтап, командаларды спорттық бәсекелестік рухында қолдады. Азаматтардың өзара құрметі мен полиция қызметкерлерінің жұмысының арқасында құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына саналы көзқарасы мен ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Айта кетейік, "Қайрат" тарихи жеңіспен UEFA чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.