Алматыда қайыршылықпен айналысып жүргендер тексерілді

166

Жыл басынан азаматтарға тиісу және қайыршылық жасау деректері бойынша 2 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Алматыда қайыршылықпен айналысып жүргендер тексерілді Фото: polisia.kz

Алматыда отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар деңгейі төмендеді. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі тиісті ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми ақпаратқа сәйкес, оңтүстік мегаполисте қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр.  Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов Қоғамдық кеңес пен ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органмен өткен есептік кездесу барысында мәлімдеді.

Жыл басынан бері азаматтарға тиісу және қайыршылық жасау деректері бойынша 2 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтар саны 9%-ға төмендеді. Отбасында зорлық-зомбылыққа жол берген 500-ден астам тұлға қоғамнан оқшауланып, тиісті жауапкершілікке тартылды.

"Алматы тұрғындарының басым бөлігі – заңға бағынатын, жауапкершілігі жоғары азаматтар. Дәл осы азаматтар қаладағы тәртіп пен қауіпсіздіктің берік негізін қалыптастырады. Сонымен қатар, заң талаптарын әдейі бұзып, қоғамға қауіп төндіретін тұлғалар да бар. Мұндай әрекеттерге полиция тарапынан қатаң әрі жедел шаралар қабылданады", – деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.

Полиция басшысы қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу