Алматыда қала әкімінің кубогы үшін ТесһCup-2022 чемпионаты өтті

521

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, кәсіпкерлер, сонымен қатар, білім беру идеялары мен жобаларының авторлары қатысты, деп жазады inbusiness.kz. 

Алматыда қала әкімінің кубогы үшін ТесһCup-2022 чемпионаты өтті Фото: TechCup.kz

Чемпионатқа барлығы 7-22 жас аралығындағы 1300-ден астам қатысушыдан тұратын 704 команда қатысты. TechCup-2022 жүлде қоры 4,6 млн теңге.

Әкім кубогы мен 1 млн теңгені, яғни бас жүлдені Алматы қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі химия-биологиялық бөлімшесінің командасы иеленді.

Чемпионатты Алматы қаласының білім басқармасы ұйымдастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу