Алматыда қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысына және өзге тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды

419

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысына және өзге тұлғаларға қатысты 367,5 млн теңге ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Алматыда қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысына және өзге тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды Фото: egemen.kz

Қазіргі уақытта қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Е. Бабақұмаров осы қылмыстық іс бойынша күдікті емес. Одан ақшалай қаражат бөлу және "Спорттық Алматы" кешенді қалалық бағдарламасын іске асыру мән-жайлары бойынша куәгер ретінде жауап алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу